You are here

«Алименттер. Төлемеуге қарсы 30 қадам» жобасын іске асырудің алғашқы нәтижелері

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

«Алименттер. Төлемеуге қарсы 30 қадам» жобасының іске асырудің алғашқы нәтижелері

ҚР Бас Прокурордың 2016 жылы «Алиментттер. Төлемеуге қарсы 30 қадам» жобасы шығарылып, оны жүзеге асыру бойынша балалардың пайдасына алименттерді өндіріп алу жүйесінің тиімді дамытып жасауға бастапқылық қажет етеді және нақты бағыттар анықталған.
Ауданның сот орындаушыларында сомасы 2 126 780 теңге болатын 391 атқарушылық құжат бар.
Осы жобаны іске асыру бойынша 2016 жылы қазан айынан аудан прокуратурасы ведомствоаралық жұмыс тобымен бірігіп оның ішіне кіретіндер: ҚР ӘдМ СҚО «Қызылжар ауданының сот орындаушылар аумақтық бөлімі» филиалы, аудан әкімдігі, ІІБ, ауданның мемлекеттік кірістер басқармасы, Қызылжар ауданы бойынша әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту бөлімі, «Нұр Отан» филиалы, Қызылжар ауданы бойынша жұмыспен қамту орталығы, Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасы, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының жеке сот орындаушысы.
Біріккен жоспарды орындау барасында 142 алимент бойынша борышкерлер мәселелерімен жұмыс жүргізілді, оның ішінде: 38 борышкер жұмысқа орналастырылды, жалақысынан ұстап қалуға орындалу құжаттары жіберілді, Қазақстан Республикасы әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 669 бабы бойынша алимент төлемдерін жүргізбегендігі үшін сот актілерін орындамағанын 20 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодекстің 139 бабы бойынша 7 қылмыстық іс қозғалып, 19 борышкерге іздеу жарияланды.
Бұдан басқа, борышкер-алимент төлеушілермен сұхбат жүргізіледі, алименттерді төлеу бойынша таласты әнгімелер өндіріп алушы арасында болмайды, борышкерден мен өндіріп алушы қолдау хат арқылы алименттерді төлеуге өзара шешеді. Осыған орай, өндіріп алушылар 18 орындалушы өндірісі бойынша атқарушылық құжаттары қайтарып алынды.
Қазақстан Республикасының «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушысының мәртебесі туралы» ( одан әрі - Заң) 33 бабы 1 бөліміне сәйкес борышкер болып табылатын жеке тұлға, заңды тұлғаның басшысы (оның міндетін атқарушы) атқарушылық құжаттағы жиырма айлық есептік көрсеткіштен астам сомаға талаптарды орындамаған кезде, сондай-ақ мерзімдік төлемдерді өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды үш айдан астам орындамаған кезде сот орындаушысы көрсетілген адамдардың Қазақстан Республикасынан шығуын уақытша шектеу туралы қаулы шығаруға құқылы, ал өндіріп алушының өтініші бойынша осындай қаулы шығаруға міндетті 3 борышкерге қатысты Қазақстан Республикасының аумағынан шығуға тыйым санкциясы қолданылды.
Жоғарыда аталған Заңның 34 бабына сәйкес борышкер орынды себептермен атқарушы құжаттарын орындамаған жағдайда, жеке тұлғадан екі жүз елу айлық есептік көрсеткіштен астам соманы өндіріп алу туралы сот орындаушысы Заңға сәйкес уақытша салада лицензиялар, рұқсаттар және арнайы құқықтар беруге уақытша тыйым салуы белгіленген.
Мысалға алатын болсақ, 2015ж. 16 наурыздағы № 205 атқарушылық құжат бойынша П. Петровтан барық табыс түрінен ¼ көлемінде О. Петрованың пайдасына алименттерді өндіріп алынады. Қарыз сомасы 694 404 теңге құрайды 250 айлық есеп көрсеткішінен жоғары.
Осыған орай, Заңның 34 бабына сәйкес П.Петровқа қатысты ауданның сот орындаушысы лицензиялардың қолданылуын және рұқсаттар мен сондай-ақ көлік жүргізу куәлігіне де арнайы құқықтардың қолданылуын тоқтата тұру туралы, ұсыныс дайындалып жіберілді.
Бұдан басқа борышкердің сомасы өсуіне себептерді белгіледі, оның бірі ауданға атқарушы құжаттардың орындалуына жіберуге байланысты борышкерлік сомасымен басқа жерден аумақ бойынша жіберіледі, басқа сабеп ол Қазақстан Республикасының орташа есеп жалақысы есептеуі бойынша жалақыдан 139 040 теңге, бір балаға есеппен ай сайын жұмыс істеуші борышкер- алиментші сомасы 34 760 теңге төлеуі қажет. Осыған орай, «жұмыс істемейтін» борышкер-алиментшілер категориясы сома қарызы ай сайын өсуде, борышкер қарызын 5-10 000 теңгеден бөліп төлегеннің өзінде ай сайын өсуде. Осыған орай, біздің келісімге сәйкес Қазақстан Республикасының «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушысының мәртебесі туралы» Заңының 99 бабы 3 тармағына өзгерту туралы ұсыныс, жұмыс істемейтін азаматтардан алиментті өндіріп алу мөлшері қайта қарастыру туралы өзгерістер енгізілді, Қазақстан Республикасындағы емес орташа жалақы есебі бойынша және борышкердің аумақтық тұрғылықты мекен-жайы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша (қарастырылуда).
Бұқаралық ақпарат құралдарында 14 мақала бастырылып шығарылды, соның ішінде 1-і телеарнада.
Біріккен жұмыс нәтижесі бойынша сомасы 3 000 000 теңге алимент төлемдері бойынша борыш өтелді.
Сонымен бірге «Қызылжар аудандық орталық ауруханасы» МКҚК бірігіп, маскүнемдіктен немесе наша қорлықпен ауратын борышкерлер-алименшілерді мәжбүрлеп емделуге жіберу туралы іс шаралары жүргізіледі.
Жоғарыда аталған жобаны орындау бойынша жұмыстар әлі де жүргізілуде.

Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.