You are here

Аттестаттау кәсіптік даярлық деңгейін айқындау рәсімі ретінде

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Аттестаттау – кәсіптік даярлық деңгейін,
құқықтық мәдениетін және азаматтармен
жұмыс істеу қабілетін айқындау рәсімі ретінде

Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 8 шілдедегі № 1612 Жарлығымен Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының
қызметкерлерін аттестаттаудан өткізу туралы
Үлгі Ережесі бекітілді (21.12.2016ж. № 390 өзгертулермен).
Үлгі ереже құқық қорғау органдары қызметкерлерінің аттестаттаудан өткізудің ұйымдастырылуын айқындайды.
Қызметкерлер үздіксіз қызметте болған әрбір үш жыл сайын аттестаттаудан өтеді, бұл ретте аттестаттау көрсетілген мерзім басталған күннен бастап алты айдан кешіктірілмей өткізілуге тиіс. Қызметтен босатылған күн мен оның құқық қорғау органдары жүйесіне қызметке қабылданған күнге дейін үш айдан артық уақыт өтпесе, онда қызметте болған уақыты үздіксіз қызмет деп есептеледі.
Егер қызметкерлер жаңа лауазымдарға тағайындалса, олар тағайындалғаннан кейін бір жылдан соң аттестаттаудан өтеді. Сонымен бірге, Жарлыққа сәйкес, егер қызметкер бұрынғы атқарған лауазымындағы функционалдық міндеттерімен тең дәрежелі лауазымға тағайындалса аттестацияны жалпы тәртіпте өтеді.
Аттестаттауға жатпайды:
- басшы және оның орынбасарлары;
- құқық қорғау органдарында кемінде жиырма жыл қызмет өтілі бар қызметкерлер;
- жүктілігі және баланы күту демалысы мерзіміндегі қызметкерлер қатарындағы әйелдер (қызметке шыққаннан соң, кемінде алты айдан кейін және бір жылдан кешіктірілмей аттестатталынады).
Мемлекеттік тапсырыстың шеңберінде білім беру ұйымдарында оқып жатқан қызметкерлер оқу аяқталғаннан кейін аттестаттаудан өтеді (лауазымға тағайындалғаннан соң кемінде бір жыл мерзімнен кейін).
Аттестаттау бірқатар дәйекті кезеңдерден тұрады:
- аттестаттау өткізуге дайындық (кадр қызметі аттестаттау өткізудің кестесін аттестатталуға тиістілердің тегі, уақыты мен өтетін орнын көрсете отырып әзірлейді, ол басшымен бекітіледі, түсіндіру жұмысын жүргізеді, қажетті құжаттарды дайындайды, аттестаттау өткізу мерзімі туралы оны өткізудің басталуынан кемінде бір ай бұрын қызметкерлерді жазбаша хабардар етеді);
- кәсiптiк жарамдылығын айқындау бойынша белгiленген нормативтердi тапсыру (прокуратура органдарының қызметкерлерін қоспағанда, «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңның 50-бабы);
- аттестаттауға жатқызылған қызметкердің Қазақстан Республикасы заңнамасын білуін және логикалық ойлау қабілетін компьютерлік тесттен өткізу;
- полиграфологиялық зерттеуден өткізу (өткізу тәртібі Үкіметпен анықталады);
- қызметкермен аттестаттау комиссиясы өткізетін әңгімелесу;
- аттестаттау комиссиясының шешім шығаруы.
Тікелей басшы аттестатталуға тиіс қызметте үзіліссіз үш жыл болған қызметкердің қызметтік әрекеті нәтижелерінің объективті қызметтік мінездемесін дайындайды (үлгі бойынша, Ереженің 1-қосымшасы), отырысқа дейінгі екі апта мерзімнен кешіктірмей таныстырады, содан аттестаттау комиссиясының отырысына дейінгі үш апта мерзімнен кешіктірмей кадр қызметіне жолдайды. Өз кезегінде кадр қызметі жиналған құжаттарды аттестаттау комиссиясының мүшелерімен таныстыру үшін жолдайды.
Аттестаттау комиссиясы отырысын өткізуден бір апта бұрын құқық қорғау органының интернет-ресурсында әңгімелесудің өту күні мен уақыты туралы хабарландыру жарияланады.
Аттестаттау комиссиясының отырысына үшеуден аспайтын байқаушылар тартылады (Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттары, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері бола алады, олар аттестаттау отырысына бір күн қалғанға дейін жазбаша өтініш береді).
Аттестаттау комиссиясының құрамына төраға және кемінде бес мүше кіреді (құрылымдық бөлімшелердің басшылары, кадр қызметтерінің өкілдері, аттестаттаудан өтетін қызметкерлерді қоспағанда, құқық қорғау органының өзге де қызметкерлері).
Әңгімелесу сыпайылық және жанашырлық жағдайында өту тиіс, аттестатталушы қызметкерге кәсіптік даярлық деңгейін, құқықтық мәдениетін және азаматтармен жұмыс істеу қабілетін айқындауға бағытталған он бестен аспайтын сұрақтар қойылады.
Аттестатталушымен әңгімелесу техникалық жазба құралдары көмегімен тіркеледі (аудио-, бейнежазба үш жыл бойы кадр қызметінде сақталады).
Шешім (атқаратын лауазымына сәйкес және кадр резервіне қоюға немесе жоғары тұрған лауазымға ұсынылады; атқаратын лауазымына сәйкес; қайта аттестатталуға тиіс; атқаратын лауазымына сәйкес емес және лауазымын төмендетуге ұсынылады дегендердің бірі) ашық дауыс беру арқылы қабылданады.

Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының
Кадр жұмысы басқармасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.