You are here

Балалардың қауіпсіздігі бақылауда

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасымен әлеуметтік-маңызды объектілерді (білім мекемелерін) тоқтата тұру туралы азаматтық істерге талдау жасалды.
2013 жылдан бастап 2016 жыл аралығында облыстың экономикалық сотымен осындай 384 қаулы шығарылған (2013-217, 2014-19, 2015-81 және 2016-61).
Объектілерді тоқтата тұру туралы талап арыз бен шешім шығарудың негізгі себебі-өрт қауіпсіздігі ережелерін бұза отыра пайдалану (қазандықтардың мектеп ғимаратында орналасуы, автоматтандырылған өрт дабылы жүйелерінің жоқтығы және т.б.).
Бұл бұзушылықтар қаржыландырудың жоқтығы салдарынан орын алған.
Аталған сұрақты шешу 2015 жылдың аяғында (25.11.2015ж.) құқық қорғау органдарының қылмыспен күрес және құқықтық тәртіпті, заңдылықты қамтамасыз ету бойынша Үйлестіру кеңесінде талқыланғаннан кейін ғана қарауға алынды.
Отырыстан кейін (облыс әкімінің атына ұсыныс енгізілгеннен кейін) облыс әкімдігімен 2016 жылы 258,1 млн. теңге (2015 жылы тек 36,6 млн.теңге) және «Жұмыспен қамту картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде сомасы 1,2 млрд. теңгеге 67 білім беру объектісінде күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізілді.
А.ж. аталған мәселеге тағы да облыс әкімдігінің назары аударылды.
Бүгінгі күні өртке қарсы шаралар 144,0 млн. теңгеге қаржыландырылды.
213 мектеп тексерістен босатылды, яғни бұзушылықтарсыз пайдаланылуда, бұл облыстың барлық мектептер санынан 40 пайызды құрайды (547).
Автоматтандырылған өрт дабылы барлық білім беру мекемелерінде орналастырылған.
Жаңа оқу жылы басталғанға дейін қалған 60 қазандықты 100 пайыз шығару жоспарланып отыр (2016 жылы 53 шығарылды).

Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.