You are here

Бұзушылық фактілері анықталды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Мағжан Жұмабаев ауданының прокуратурасы жазаны орындау заңдылығын қадағалау барысында Мағжан Жұмабаев ауданы ішкі істер бөлімі әкімшілік полиция бөлімінің өз міндеттерін тиісінше орындамау фактісі анықтады. Нақты көрсеткенде, 10.11.2016ж. Мағжан Жұмабаев ауданының соты ҚР ҚК-нің 345 бабы 2 т. көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған И.С. Искандаровқа қатысты үкім шығарған және 1 (бір) жылға жазасын қоныстану колониясында өтеумен 3 жылға көлік құралын жүргізу құқығынан айырумен бас бостандығынан айыру жазасы қолданылған. М.Жұмабаев ауданы сотының 2016 жылғы 10 қарашадағы үкімі 2016 жылғы 22 желтоқсанында күшіне енген. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес сот актілерін және судьяның талаптарын орындамағаны үшін белгіленген заңға сәйкес жауапқа тартылады. Бірақ, үкім орындалмай, атап айтқанда жүргізуші куәлігі алынбаған, осыған орай, И.С. Искандаров соттылығы бола отыра, бірнеше рет көлікпен ҚР мемлекеттік шекарасын қиып өткен. Аудан прокуратурасы араласқаннан кейін ғана ҚР ҰҚК ШҚ 2032 әскери бөлімшесіне сотталушы ҚР мемлекеттік шекарасын қиып өту фактісі, шұғыл хабарлама туралы тапсырма берілген және содан кейін ғана И.С. Искандаровтан жүргізуші куәлігі алынған, осылайша 3 (үш) жылға көлік құралдарын жүргізу құқығынан айыру түріндегі қосымша жаза үкімнің орындалуы қамтамасыз етілді. Осы факті бойынша аудан прокуратурасы тәртіптік өндіріс қозғау туралы қаулы шығарған. Соның нәтижесінде Мағжан Жұмабаев ауданы ішкі істер бөлімінің әкімшілік полиция бөлімшесінің инспекторы сөгіс түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Аудан прокуратурасы бұл бағыттағы жұмысты бұдан әрі жалғастырады. Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.