You are here

Дөңгелек үстөл өтті

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Тайынша ауданы прокуратурасының бастамасы бойынша «Мемлекеттік қолдаумен СТАРТАП» ауқымды акциясын жүргізу аясында, Кәсіпкерлер палатасы филиалының өкілетті тұлғасының, бақылау-қадағалау органдарының, бизнес субъектілерінің және аудан азаматтарының қатысуымен бизнесті ашу және дамытудың құқықтық мәселелері бойынша дөңгелек үстел жүргізілді. «Мемлекеттік қолдаумен СТАРТАП» акциясын жүргізудің маңыздылығы атап өтілді. Іс-шараның негізгі мақсаты өз бизнесін ашуға бастамашылық еткен азаматтардың анықтау, сонымен қатар кәсіпкерлерге өз бизнесін дамытуға қолдау көрсету болып табылады. Аймақ тұрғындарының және бизнес субъектілерінің назарына жұмыс тобын құру және оның құрамы туралы мәліметтер жеткізілді. Жұмыс тобының мүшелерімен бизнес өкілдеріне заңнамалық көмек көрсетілді, «Агробизнес-2020», «Бизнестің жол картасы-2020», «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламалардың жұмысы жөнінде ақпараттар ұсынылды, сонымен қатар азаматтар мен бизнес субъектілерінің барлық сұрақтарына жауап берілді. Сондай-ақ, Бас прокуратура Құқық қорғау органдарының академиясымен бірлесіп дайындаған «Прокурордың 100 кеңесі» практикалық кеңестердің жиынтығымен таныстыру жүргізілді. «Прокурордың 100 кеңесі» танымал ету бойынша акциясы қызығушылық танытты, сонымен қатар осы жиынтықтың аудан азаматтарының ұялы телефондарында қолдану мүмкіндігі көрсетілді.

Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.