You are here

Хабарландыру!

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Солтүстік-Қазақстан облысының прокуратурасы, 150008, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 15 үй, анықтама үшін телефондар: 8 (7152) 46-51-97, 46-41-87, 7152383@prokuror.kz, 7152121@prokuror.kz, «Б» корпусындағы бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға прокуратура органдарының мемлекеттік қызметкерлері арасында ішкі конкурс жариялайды: Солтүстік-Қазақстан облысы прокуратурасының бухгалтерлік есептілік бөлімінің бас маманы (С-О-5 санаты, 1-бірлік) Мемлекеттік әкімшілік қызметкерлерінің лауазымдық жалақылары: Санат Еңбек сіңірген жылдарына байланысты min max С-О-5 83 282 112 431 Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары: Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: 1. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес; 2. Осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес; 3. В-5, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес; 4. Мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау органдарының кіші басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың сержанттар құрамынан төмен емес немесе әскери атағында кіші сержанттар құрамынан төмен емес Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейдегі, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес; 5. Жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы. Функционалдық міндеттері: ақша қорларын сақтауды, кассалық операциялар жүргізуді қамтамасыз етеді, төлеуге есептерді рәсімдейді, төлемдерді төлеу бойынша тапсырыстар мен басқа да құжаттарды дайындайды, оларды қазынашылық органдарында тіркеуді қамтамасыз етеді; есеп айыру шоттарындағы қаржылардың қозғалысы және валюта қорларының қозғалысы бойынша операциялар есебін жүргізеді; іссапарлар және төлемнің басқа да түрлері бойынша есеп беретін тұлғалардың аванс есептерін өңдейді және тексеруді жүзеге асырады; мемлекеттік мекемені ұстауға бөлінген бюджеттік төлемдер бойынша шығындар есебін жүргізеді және бекітілген қаржыландыру жоспарының шегінде басқа да шараларды жүзеге асырады; қаржыландыру жоспарын орындау туралы тоқсандық және жылдық есептерді құрастыруға қатысады; қызметкерлерге еңбек ақыны, еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша және басқа да төлемдерді уақытында және дұрыс есептейді; еңбекақыны төлеу бойынша есеп айыруға байланысты аналитикалық есептерді жүргізеді, еңбек ақыны есептеу бойынша тұлғалардың дербес шоттарын рәсімдейді; статистика органдарына еңбек ақыны төлеу қоры және саны бойынша уақытында есепті құрастырады және тапсыруды жүзеге асырады; штаттағы және штаттан тыс қызметкерлердің штаттық кестесін дайындайды, енгізілген өзгерістердің қаржылық қамтамасыз ету және тиімділігі туралы қорытынды береді. Жоғары: «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» бейіні бойынша «Қазақстан-2050». Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі. Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік. Конкурсқа қатысу үшін құжаттар: 1. Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш; 2. Тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім. Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады. Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады. Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не «Е-gov» электрондық үкімет порталы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі. Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді. Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, осы Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады. Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде (жариялаған мемлекеттік органның және уәкілетті органның интернет-ресурсында) қолма-қол, пошта арқылы мына мекен-жайға ұсынылуы тиіс: (150008, Петропавл қаласы Қазақстан Конституциясы, 15 көшесі, «Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы» ММ) немесе (7152383@prokuror.kz, 7152121@prokuror.kz) электрондық пошта арқылы немесе «Е-gov» электронды Үкімет порталы немесе интегр ақпараттық жүйесі «Е-қызмет» арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде. Анықтамаларды телефон 8(7152-46-14-87), факс 8(7152-46-14-87) арқылы алуға болады. Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

 

Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының  баспасөз қызметі

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.