You are here

Хабарландыру!

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Солтүстік-Қазақстан облысының прокуратурасы, 150008, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 15 үй, анықтама үшін телефондар: 8 (7152) 46-51-97, 46-41-87, 7152383@prokuror.kz, 7152121@prokuror.kz, «Б» корпусындағы бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға прокуратура органдарының мемлекеттік қызметкерлері арасында ішкі конкурс жариялайды:

1. Солтүстік-Қазақстан облысы прокуратурасының қаржы және ақпараттандыру бөлімінің бас маманы (мемлекеттік сатып алу бойынша)
(С-О-5 санаты, 1-бірлік)

Мемлекеттік әкімшілік қызметкерлерінің лауазымдық жалақылары:

Санат Еңбек сіңірген жылдарына байланысты
min max
С-О-5 83 282 112 431

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2. Осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
3. В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-3 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;
4. Мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
5. Жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.
Функционалдық міндеттері:
мемлекеттік сатып алу барысын реттейтін нормативтік-құқықтық актілерін құрастырылуына және келісілуіне қатысу; Мемлекеттік сатып алу жылдық жоспарын құрастыру және басшылыққа бекітуге кіргізу; бюджеттік бағдарламалар шегінде іске асырылатын тауарларды, жұмыстар мен қызмет көрстулерді мемлекеттік сатып алуды өткізу және ұйымдастыру; мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы бұйрықтардың жобасын құрастырылуына қатысу және бекітуге кіргізу; тауарларды, жұмыстар мен қызмет көрстулерді мемлекеттік сатып алу туралы келісім - шарттардың құрастырылуына және келісілуіне қатысу; Мемлекеттік сатып алу барысының сақталуына бақылау жасау; ағымдағы жылға мемлекеттік сатып алу жоспарында қарастырылған тауарлар, жұмыстар мен қызмет көрстулердің нарығын зерттеу; Мемлекеттік сатып алу сұрақтары бойынша мемлекеттік мекемелерге әдістемелік көмек көрсету; Мемлекеттік сатып алудың мониторингі; Мемлекеттік сатып алу барысын өткізу үшін қажетті конкурстық құжаттар жобаларын және басқа да құжаттарды жасауға қатысу; Мемлекеттік сатып алу туралы келісім- шарттардың және құжаттардың қаржылық сараптамасын өткізу. Өткізілген сатып алу қорытындысы бойынша талдау материалдары мен есептерін дайындау; прокуратура органдарының қызметтік шаруашылығын жүргізу үшін барлық қажетті материалдық ресурстарымен қамтамасыз етеді.
Жоғары: Жоғары: «Құқық» немесе «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» немесе «Жаратылыстану ғылымдары» (информатика) немесе «Техника ғылымдары және технология» (ақпараттық жүйелер) бейіндері бойынша.
Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.
Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

6. Солтүстік-Қазақстан облысы прокуратурасының Аппарат жетекшісі
(2020 жылғы 19 мамырға дейін негізгі қызметкердің бала күту демалысы уақытына)
(С-О-6 санаты, 1-бірлік)

Мемлекеттік әкімшілік қызметкерлерінің лауазымдық жалақылары:

Санат Еңбек сіңірген жылдарына байланысты
min max
С-О-6 74 954 101 604

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Функционалдық міндеттері:
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау, есепке алу, тіркеу, жүйелеу, алғашқы өңдеу, сұрыптау және одан әрі мақсатына, қажеттілігіне қарай жолдау, тапсыру, тіркеу-бақылау карточкаларының, электрондық мәліметтер базасының белгіленген нысанының тиісті бөліктерін қалыптастыру және толтыру. Іс қағаздарын жүргізу, ақпараттарды жинау, өңдеу және ұсыну үшін арналған компьютерлік техникаларды қолданумен байланысты түрлі операцияларды орындау. Облыс прокуратурасының мұрағатымен жұмыс.
Жоғары: «Құқық» немесе «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» немесе «Білім» бейіндері бойынша немесе ортадан кейінгі білім: «Құқық» немесе «Білім» немесе «Сервис, экономика және басқару» (экономика(салалары бойынша) немесе менеджмент (салалары және қолдану аясы бойынша) немесе есеп және аудит (салалары бойынша) немесе қаржы (салалары бойынша) немесе маркетинг (салалары бойынша) немесе статистика немесе іс жүргізу және мұрағаттану (салалары және қолдану аясы бойынша) бейіндері бойынша.
«Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.
Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар:
1. Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
2. Тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не «Е-gov» электрондық үкімет порталы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, осы Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.
Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде (жариялаған мемлекеттік органның және уәкілетті органның интернет-ресурсында) қолма-қол, пошта арқылы мына мекен-жайға ұсынылуы тиіс: (150008, Петропавл қаласы Қазақстан Конституциясы, 15 көшесі, «Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы» ММ) немесе (7152383@prokuror.kz, 7152121@prokuror.kz) электрондық пошта арқылы немесе «Е-gov» электронды Үкімет порталы немесе интегр ақпараттық жүйесі «Е-қызмет» арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде. Анықтамаларды телефон 8(7152-46-14-87), факс 8(7152-46-46-36) арқылы алуға болады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Солтүстік Қазақстан облысының
Кадр жұмысы басқармасы

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан
__________________________________________
(мемлекеттік орган)

Өтініш
Мені_________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
___________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу
конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс
телефоны__________________________________________________________________________________________________________________________________________________
________ ____________________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
«___»_______________ 20 __ ж.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.