You are here

Консультативтік Кеңес отырысы өтті

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Басқармасының бастамасы бойынша Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы жанында Заңдылықты қамтамасыз ету сұрағы бойынша Консультативтік кеңестің қарауына «Азаматтар мен бизнестің заңдық мүддесін қорғаудағы Комитеттің ақпараттық жүйелері» сұрағы талқыға шығарылды. Кеңеске қатысушылардың назарына Комитет сайтында жарық көрген мынадай ақпараттар жүйелері: «Қылмыстық құқық бұзушылықтар картасы», «Сіздің бизнесті тексеріс заңдылығы», «Өзіңіздің айыппұл туралы біл», «Автокөлікті ЖКО тексеріс», «Мемлекеттік органға өзіңіздің өтінішті тексеру…» көрнекі көрсетілетін болады. Осы аталған жобалар бірінші кезеңде оларды тұрғындармен қолдану үшін бағытталған. Мысалға, қылмыстық құқық бұзушылық картасын қолдану жолымен тұрғылықты аудандағы, жұмыс және оқу орны маңындағы криминогендік жағдайды білуге, дұрыс бағдар алуға, жылжымайтын мүлік алу орнын тиімді анықтауға мүмкіндік береді. «Автокөлікті ЖКО тексеріс» сервисі бойынша үш рет басу арқылы автомобильді сатып алуда машина жол-көлік оқиғасында болды ма немесе «Өзіңіздің айыппұл туралы білу» сервисі арқылы айыппұлдар туралы немесе төленгені туралы білуге болады. Тексерілетін субъектілер мен объектілердің бірыңғай жүйесі арқылы кез-келген кәсіпкер немесе жеке тұлға Комитеттің сайтына кіріп тексерістерді тіркеу сұрағы бойынша оны қызықтырған кез-келген ақпаратты алуына болады. «Айқын» жобасын жүзеге асыру аясында, осы жүйенің айқындығы қоғамды ойландыратын сұрақтарды талдауға және өтініштерді қарастыру тәртібін бұзушылықтарына жедел ықпал етуге мүмкіндік береді, ол туралы 2016 жылы Басқармамен жеке және заңды тұлғалар өтініштерін есепке алуды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке 8 лауазымды тұлға тартылған. Бұның мақсаты, мемлекеттік билік институттарына сенім деңгейін көтеру және қоғаммен байланысты нығайтуды қамтамасыз ету болып табылады. Талқылау қорытындысы бойынша көтерілген сұрақ Кеңес мүшелері тарапынан қолдау тапты, олармен жұртшылық алдында Комитет сервисі мүмкіндіктерін көтеру бойынша жұмысты белсенді жалғастыру ұсынылды. Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының баспасөз қызметі ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Басқармасымен бірлесе отыра

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.