You are here

Нұсқаулықты сақтау бойынша тексеріс жүргізілді

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ғ.Мүсірепов атындағы аудан прокуратурасымен «Әкімшілік құқық бұзушылықтар және оларды жасаған адамдар туралы орталықтандырылған деректер есебін жүргізу жөніндегі нұсқаулығын бекіту туралы» 2016 жылғы 10 қазандағы № 114 Нұсқаулықтың (әрі қарай Нұсқаулық) сақталуына, 2016 жыл бойынша ауданның ІІБ-нің қызметіне тексеріс жүргізілді.
Нұсқаулықтың 1,2,3т. сәйкес, әкімшілік құқық бұзушылықтар және оларды жасаған адамдар туралы орталықтандырылған есепке алуды Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет) орталықтандырылған деректер банкін (бұдан әрі – ОДБ) жүргізу арқылы жүзеге асырады. ОДБ әкімшілік тәжірибе субъектілері ұсынатын «Әкімшілік құқық бұзушылықты және оны жасаған адамды есепке алу карточкасы» №1-ӘЖ нысанды карточка Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес нысанда, №1-ӘҚ «Әкімшілік құқық бұзушылық барысы және оны қарау нәтижелері туралы» нысанды карточка Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес нысанда ақпараттық есепке алу құжаттары (бұдан әрі – АЕҚ) негізінде «Арнайы есепке алу» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – АЕ ААЖ) қалыптасады. АЕҚ шығару және жүргізу әкімшілік құқық бұзушылық анықталған немесе қаралған сәттен бастап 24 сағат ішінде жүзеге асырылады. АЕҚ белгіленген мерзімде шығару мүмкін емес болған жағдайда, ол әкімшілік тәжірибе субъектісінің басшысымен бекітілген қызметтік құжат негізінде оны тіркеу мүмкіндігі пайда болған күні шығарылады.
Тексеріс нәтижесі жоғарыда көрсетілген Нұсқаулықтың бұзушылықтары Ғ. Мүсірепов атындағы ауданның ІІБ қызметкерлері тарапынан болғандығын куәландырды.
Сонымен, 2016 жылғы 15 қаңтарында В.Е.Черевик өндірістік қысқартумен ҚР ӘҚБтК 440б. 1т. бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды (2016ж. 01.15.№ 1064334 хаттама).
Алайда, Нұсқаулықтың 3т. бұза отыра әкімшілік айыппұл салу туралы мәлімет ОАЖ АЕ 31 тәуліктен кейін ғана енгізілген, (АЕҚ шығару және жүргізу әкімшілік құқық бұзушылық анықталған немесе қаралған сәттен бастап 24 сағат ішінде жүзеге асырылады) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама құрылғаннан кейін.
Нұсқаулықтың 3 тармағына ұқсас бұзушылықтар 249 әкімшілік хаттамалар бойынша орталықтандырылған ақпараттық жүйе «Арнайы есептер» мәліметтерді енгізген кезде ішкі істер бөлімінің қызметкерлерімен қателіктер жіберліген.
Міндетті түрде атап өтерлік жайт, азаматтардың айыппұлдарды интернет-банкинг, екінші дәрежедегі қолма қол банктік төлемдер терминалдары мен Handy Pay, MyPay мобильді қосымшалар арқылы төлеу бойынша электронды қызметтерді қолдану барысында, әкімшілік айыппұл салынған мәліметтерді енгізгенде мерзімнің бұзылуына, немесе азаматтардың айыппұлдарының жүйеде болмауына байланысты, не болмаса төленген айыппұлдар туралы ақпарат деректері автоматты түрде автоматтандырылған ақпараттық «Бақылау» жүйесіне келіп түспеуі мүмкін.
Осыған орай, Нұсқаулықтың 3т. бұзушылықтар орталықтандырылған ақпараттық жүйе «Арнайы есептер» мәліметтерін енгізуде ішкі істер бөлімі қызметкерлерімен жіберліген қателіктер азаматтардың заңды құқықтарды бұзуына әкеп соқты.
Сонымен қатар, тексеріс барысында 2016 жылғы 26 маусымда М.В. Врачев өндірістік қысқарту тәртібімен ҚР ӘҚБтК 449б.1т. бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны анықталды. (2016ж. 26.06. № 1184562 хаттамасын ЖПҚ УПИ Н.Асылбеков жасаған).
2016 жылғы 28 маусымда М.В. Врачев қысқартылған тәртіп бойынша 5 302 теңге 50 тиын сома көлемінде айыппұл төлген және әкімшілік айыппұл төлемі туралы түбіртекті ЖПҚ УПИ Н.Асылбековке берген.
Бірақ, 2016 жылғы 05 шілдеде Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның ІІБ әкімшілік полиция бөлімінің қызметкері жеке сот орындаушысына нақты төленген айыппұлды мәжбүрлеп төлуге жібере отыра, айыппұлға толық төлем жасау туралы қаулы шығарған.
Жоғарыда баяндалған фактілер Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның ІІБ қызметкерлерінің лауазымдық міндеттеріне адал қарамау, заң бұзушылықтарға жол бергені, сондай-ақ ауданның ІІБ басшылығы тарапынан ведомстволық бақылаудың жоқ болуы салдарынан болғандығын көрсетті.
Аудан прокуратурасының тексерісі нәтижесінде ауданның ІІБ басшыларының атына заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс жасалды, қарастыру нәтижесі бойынша 1 тұлға ескерту түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды, ауданның ІІБ жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторларына функционалдық міндеттерін тиісінше орындамағандарына нұсқау берілді.

Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.