You are here

Ресоциализация іс-әрекетте

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

       Облыс прокуратурасымен "Ресоциализация: Сен қоғамға керексің! Ты нужен обществу! Society needs you!" түрме реформасын жүзеге асыру шеңберінде түзеу мекемелерінде тақырыптық іс-шаралар өткізілуде.

      1  ақпанда Қоғамдық бақылау комиссияның, ҚАЖ Департаментінің және ата – аналар комитетінің өкілдерімен бірігіп ЕС-164/3 мекеменің сотталғандарымен кездесу өтті (орташа қауіпсіздік, Петропавл қ).

      Іс-шара барысында бұрынғы сотталған А.Кулькарин (алдында осы мекемеде жазасын өтеген және ағымдағы жылдың қаңтар айында мерзімінен бұрын - шартты түрде босатылған) сөз сөйледі, ол өзінің  адамдарды әлеуметке қосудың оң тәжірибесі туралы, жұмысқа орналасқандығы және тұрақты табысы туралы әңгімеледі.

      Сотталғандарға назар аудара отырып, тез арада босап шығуға ұмтылуға, жазалау орындарының белгілеген тәртіптерін сақтауға және өздерінің туыс-туғандарымен байланыс жасап тұруға шақырды.

      Кездесуге келген қатысушыларға Мемлекет басшысы анықтаған алдында қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағандары үшін жазаларын өтеп жүрген адамдарға көмек көрсету және жәрдем беру жөніндегі тапсырманы жүзеге асыру бойынша қабылданатын шаралар туралы жеткізілді.

     «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан Республикасы Президенті Жолдауының негізгі тезисі жария етілді.

     Іс-шараның соңына қарай кейбір сотталғандар өткізілген кездесу туралы оң пікірлерін білдірді.

     Іс – шараларды жария ету үшін бұқаралық ақпараттық құралдар тартылды.

 Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.