You are here

Семинар өткізілді

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2017 жылғы ақпанның 17-де Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасында «Сот сараптамасының маңызды сұрақтары» және «Оқиға орнын қарау жүргізгендегі негізгі кемшіліктер» тақырыбына семинар өтті.
Таңдалған тақырыптардың маңыздылығы, ең бастысы, сараптама тағайындаумен және оқиға орнын қарауды жүргізудің сапасы құқықтық қолдануда проблемалық сұрақтардың туындауына байланысты туындаған.
Шарада Солтүстік Қазақстан облысы Сот медициналық орталығы филиалының басшысы М.А. Қартов, облыстың бас сарапшылары И.Е. Герасимова, Н.М. Кротевич, Е.Г. Пропащева, психолог Т.В. Яковлева, Ішкі істер Департаменті, қалалық ішкі істер басқармасы басшыларының орынбасарлары және тергеу құрылымдарының қызметкерлері қатысты.
Кездесу барысында қатысушылар қылмыстық істер бойынша сот сараптамасын тағайындау ерекшеліктерін талқылады. Молекулярлық-генетикалық, медициналық-криминалистік, сот-психиатриялық сараптамаларды тағайындауда шешілетін сұрақтарға ерекше назар аударылды. Оның ішінде, сарапшылар қандай жағдайларда сараптама тағайындалатындығын, зерттеу жүргізу үшін қандай объектілерді ұсынуға болатындығы туралы түсінік берді.
Солтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер Департаменті жедел-криминалистік басқарманың аға криминалисті А.В. Хлевовтың қатысуымен тұлғаға қатысты қылмыстарды зерттеуде оқиға орнын қарауды жүргізудегі сұрақтар талқыланды.

Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.