You are here

«Ұрлыққа жол жоқ» жобасының аясында

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
«Ұрлыққа жол жоқ»  жобасының аясында  - 592066828

Бас прокуратураның «Ұрлыққа жол жоқ» жобасы аясында Петропавл қалалық прокуратурасымен объектілерді және тұрғын үйлерді техникалық жағынан қамтамасыз ету сұрағы бойынша тұрғындармен және бизнес өкілдерімен құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Осы мақсатта тұрғындармен 10 кездесу, басылымдарда 15 мақала және теледидардан 5 сөз сөйлеу ұйымдастырылды. Бүгінгі күні қауіпсіздіктің ең тиімді түрі-бейнебақылау жүйесі. Сондықтан да бейнебақылау жүйелері жетілдіріліп, жеке бейнекамералар орналастырылуда. Жоба аясында барлығы 272 бейнекамера, бейнетіркеулер, жеке камералар орналастырылды. Бизнес саласында 40 коммерциялық объект пульттік күзетке берілді. Бірігіп атқарылған жұмыс арқасында ұрлық 28 пайызға азайды. Қылмыстың ең көп тараған түрі-пәтер тонау 30 пайызға (253-тен 176-ға), ұялы телефондарды ұрлау 44 пайызға (202-ден 113-ке) азайды. Қаланың ортасы-ең көп қылмыс жасалатын орын болып есептелінеді. Бұл жерде 36 пайыз немесе 233 қылмыс фактісі тіркелген. Алдағы уақытта прокуратурамен ақпараттық жүйелер мониторингі арқылы ең қолайсыз, ұрлық көп жасалатын ойын-сауық орталықтары, сауда орындары мен сауда үйлерінің рейтингі жүргізілмек. Аталған ақпарат қала тұрғындары және қонақтар үшін қай орындарға, объектілерге баруды анықтау үшін септігін тигізері сөзсіз. Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

«Ұрлыққа жол жоқ»  жобасының аясында  - 942780682

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.