You are here

Жасөспірімдердің арасында маскүнемдіктің және нашақорлықтың, темекі шегудің алдын-алу

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Жасөспірімдердің арасында маскүнемдіктің және нашақорлықтың, темекі шегудің алдын-алу 

Шал ақын аудандық прокуратурасымен Е.Шайкин атындағы мектепте 7 және 10 сынып оқушылармен есірткіні, темекіні, маскүнемдікті, сондай-ақ оларды өндіру дағдысынан, қолданудан бас тарту, жасөспірімдердің теріс көзқарасын қалыптастыруға бағытталған сабақ-тренинг өткізілді.

Сабақ бой мен ойды жазу жаттығуларынан басталды және жалпы эмоциялық тарту қамтамасыз етілді.

Осыдан кейін, қатысушылармен «миға шабуыл» - тактикалық жаттығу өткізілді, онда балалар темекі шегудің зияны туралы, себептері жөнінде өз пікірлерін ортаға салды, сондай-ақ адамдардың есірткіні қолдану, ішімдік  ішу  оларды қолданған кезінде  қандай ауруларға әкеліп соғатыны туралы айтылды. Бұдан әрі жасөспірімдерге зиянды әдеттері бар адамдар мен салауатты өмір салтын ұстанатын тұлғалар жайында көңіл-күй, кестелер ұсынылды. Бұл кезде балалар өздерінің жанды істермен көріністерді айтып, түрлі дәлелдермен айқындап көрсетті.

Сондай-ақ, қатысушы оқушыларға бейнероликтер көрсетілді және оларды  көру қорытындысы туралы талқылау жүргізді.

Қорытындыда сабақ-тренинг барысында өткізілген барлық  сабақтарды еске түсіріп,  алған әсерімен бөлісу жөнінде ұсынылды.

Шал ақын аудандық прокуратурасының прокуроры Э.К. Мейманова  өткізген сабақ-тренингінен кейін дене шынықтыру мұғалімі А.В.Есімовамен  және орта мектептің оқушыларымен шаңғы тебуден жарыс ұйымдастырылды, қорытындысы Сергеевка қаласы көшелерінің бірінде салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында шаңғы тебудегі  суретпен билборд орналастыру жоспарланған.

Осылайша, жасөспірімдерге есірткі заттарының, ішімдік ішудің және темекі шегудің зияны туралы, осындай іс-шаралармен ақпараттандыруды қамтамасыз ету, сондай-ақ жасөспірімдердің дағдыларымен қатар қарым-қатынастарын, бір-бірімен бейбіт өмір сүре білу салауатты  қоғамды дамытуға әсер етері сөзсіз.

Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.